Көп балалы отбасыларға жәрдемақы және АӘК төлеудің жаңа әдісі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Жарияланған күні:
2019-31-12 сағат 17:35

Бүгін, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде қызметкерлерді «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» жаңа заңмен таныстырып өтті. Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен АӘК жаңа тәсілдері туралы түсіндірілді.

Кездесуге Нұр- Сұлтан қаласының аудандары әкімдері аппараттарының қызыметкерлері мен  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің учаскелік комиссиясының мүшелері қатысты.  Іс-шара барысында енгізілген жаңалықтарға қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК көрсету тәсілдері өзгереді, сондай-ақ көп балалы отбасыларға және аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік жәрдемақы және АӘК, КӘК көрсетіледі.  Жаңа тәсілдер АӘК-ті  неғұрлым ашық, әділ және еңбекке ынталандырушы етуге мүмкіндік береді.

Өткізілген кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Жарияланған күні: 2019-31-12 сағат 17:35
Сілтеме https://czn.kz/provedena-informacionno-razjasnitelnaja-rabota-po-novym-podhodam-asp-i-posobijam-mnogodetnym-semjam/