Бүгін Халықты жұмыспен қамту орталығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Оған Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандарының пробация қызметінің басшылары қатысты. «Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту» тақырыбында өткен басқосуда Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 158-257 «Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына сәйкес пробация есебінде тұрған және бостандыққа шыққан азаматтарға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы тақырыпта пікір алмасты.
Осы санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарына белгіленген квота мынадай:
- пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға жұмыс орындары
санының бір пайызы мөлшерінде;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмыс орындары санының бір пайызы мөлшерінде;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498, № 499 және 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квотаның орындалуы туралы мәліметтер тоқсан сайын Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына тапсырылады.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы пробация есебінде тұрғандарға арналған 195 бос жұмыс орнын ұсынды.
Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мәселе бойынша кеңес алу үшін 72-93-41, 95-44-23 телефондарына хабарласып білуге болады.