Қайыр Айсұлу 1997 жылы туған, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
2019 жылы «Қазақ қаржы экономика және халықаралық сауда университетін» «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Халықты жұмыспен қамту орталығына 2019 жылы 26 маусымда жүгінді. Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастар тәжірибесін өту үшін «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалына жіберілді. Іс-тәжірибеден өту кезінде Айсұлуға тұрақты жұмысқа орналасуға ұсыныс жасады.
2019 жылдың 30 қазанында әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші ретінде штатқа қабылданды. Қазіргі уақытта А. Қайыр өзінің еңбек қызметін жалғастыруда, болашақта осы салада одан әрі дамуды жоспарлап отыр.