Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, қосымша келесі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысу үшін, 2020 жылдың 29 маусымынан 10 шілдеге дейінгі аралықта білім беру ұйымдарынан өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады:
№ | Мамандықтар атауы |
1 | Жиһаз жинаушы |
2 | Газбен электр дәнекерлеуші |
3 | Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу бойынша слесарь |
Білім беру ұйымдары келесі талаптарға сәйкес келулері тиіс:
- «Атамекен» ҰКП-ның интернет-ресурсында орналасқан оқу орталықтары мен оқу орындары Тізіліміне тұру керек;
- теориялық оқытуды және кәсіпорын базасында өндірістік оқытудың, кәсіптік тәжірибенің кемінде 60% – ын қарастыратын тәлімгерлікпен дуалды оқыту элементтерін пайдалану;
- оқудан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған тұлғаларға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу тәжірибесінің кемінде алты ай болуы, болмаса техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензияның болуы;
- оқудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыру деңгейі (Тізілімге енгізуге өтінім берген сәтте) кемінде 60% – ды құрайды және міндетті зейнетақы жарналарының болуы негізінде айқындалады;
- өндірісте кемінде бір жыл кәсіби тәжірибелік жұмыс тәжірибесі бар оқытушылардың болуы;
- заманауи материалдық-техникалық базаның болуы;
- білім беру бағдарламаларының болуы.
Барлық сұрақтар бойынша «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласыңыздар.
Байланыс телефондары: 94-44-18, 95-44-16, 57-88-88.