Наубайшылар сынақ тапсырды.

Жарияланған күні:
2020-7-12 сағат 18:21

Биыл   Елордада  220 жұмыссыз азамат   қысқа мерзімдік  кәсіптік  оқуға жолдама  алды.     Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде,  бүгін «Наубайшы» мамандығын оқығандар сынақ тапсырды.

Нан – әлемдегі ең қажетті өнім болса, наубайшы – ең маңызды көне кәсіптің бірі әрі шығармашылықты талап ететін мамандық. Мұнда жақсы нәтижеге жету үшін  шын пейілмен, жүрекпен әрекет ету керек.

Бүгінгі  сынақ барысында наубайшылар осында оқып үйренген  білімдері мен дағдыларын  комиссия мүшелері алдында көрсетті.

Жас наубайшылардың  өздері   пісіріп дайындаған  бәліш, тоқаш, бауырсақ секілді нан өнімдері тәбет ашып, көз тартады. Комиссия мүшелері  жас наубайшылардың еңбегін жақсы деп бағалап, мұндай шебер наубайшылар  тез жұмыс тауып, өз кәсібін ашатынын айтты.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында  ұйымдастырылатын  кәсіптік оқулар биыл онлайн форматта  өткен болатын.

Биыл  Халықты  жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған кәсіптік оқулар бойынша – 20-тігінші, 29- пішуші, 35-аспаз, 22- кондитер,9-наубайшы, 14-кассир бақылаушы, 41- шаштараз,7- тәрбиеші көмекшісі, анимация және  бейнеграфия  бойынша-9 адам кәсіптік білім алды.

Биылғы жылға кәсіптік оқыту бойынша  курстарға қабылдау  аяқталды.

Осы бойынша толық мәлімет алу үшін 7(7172)95 44 18; 8 777 116 82 73  номеріне хабарласып білуге болады.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы»  мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО орналасқан.

 

Жарияланған күні: 2020-7-12 сағат 18:21
Сілтеме https://czn.kz/naubajshylar-syna-tapsyrdy/