2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты жұмыссыз азаматтарға жаңа кәсіп үйретіп, кадр даярлауды жақсарту.
Биыл елордада 120 адам аталған бағдарламасы аясында кәсіптік білім беру, қайта даярлауды қамтитын оқытуларға жіберілді. Арнайы курстар: аспаз, кондитер, портной-тігінші, шаштараз, кассир-бақылаушы, наубайшы, тәрбиеші-көмекшісі, кран-машинисті электр монтаждаушы мамандықтарына оқулар ұйымдастырылды. Жоспар бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқыту курстарына 200 адамды оқыту қарастырылған.
Азаматтарға кәсіптік оқуды ұйымдастыратын оқу ордасының бірі- «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі». Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері жаңа кәсіп үйреніп жатқандардың оқу процесін бақылап, жұмысберушілермен кездесу ұйымдастырды. Елордадағы ірі сауда үйінің өкілдері кондитер, аспаз наубайшыларды жұмысқа шақырды. Аталған кәсіп иелеріне қазір еңбек нарығында сұраныс жоғары. Сондықтан, ақылы тәжірибе жинақтап, тұрақты жұмысқа орналасуға мол мүмкіндік берілетінін айтты.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға мамандығы жоқ, еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандық иелері,біліктілігін жоғалтып алған және мамандығын ауыстырғысы келетін азаматтар қатысады. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан үш айға дейінгі мерзімді құрайды.Бағдарлама қатысушылары мемлекеттік қолдау мен шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.
Кәсіптік оқыту курстары бойынша мәлімет алу үшін 7(7172)95 44 18; 8 777 116 82 73 номеріне хабарласып білуге болады.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО орналасқан.