Болат Нұршекер – сұлулық саласында қызмет көрсетуші жас кәсіпкер.
Үлбіреген саусақтар, өңделген тырнақтар – заманауи әйелдің ажырамас бөлігі. Сондықтан қазір қол күтімі –аса маңызды, маникюр шебері мамандығы үлкен сұранысқа ие. Қызмет көрсету саласында кәсіп ашуды назарға алған Нұршекер биыл
“Бастау Бизнес ” жобасы бойынша оқытудан өтіп, кәсіпкерлік негіздерін үйренді. 26 ақпан айында “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Сұлулық салоны” бизнес-жобасын іске асыру үшін 583 400 теңге мөлшерінде грант алды.
Жас кәсіпкер жеке бизнесін ТК Нова Сити-38, 30/3 мекенжайда, “N beauty studio” жүзеге асырады. Байланыс телефоны: 8 702 435 56 65.
Шын мәнінде сұлулық индустриясында бәсекелестік өте күшті. Десе де, қол күтімі шебері келушілердің тырнағын әдемілеуге ғана емес денсаулық қауіпсіздігіне де жауапты. Өйткені, жұқпалы аурулар адамға дұрыс өңделмеген құралдар арқылы өтетіні белгілі. Сондықтан, маникюр шеберінің кәсібилігі осы жерде маңызды рол атқарады. Өз кәсібіңізді ашу үшін көп қаражат керек. Осы орайда, жас кәсіпкерлерді қолдап отырған мемлекетімізге және Халықты жұмыспен қамту орталығына алғыс айтамын. Өзімнің сұлулық салонымды құру туралы арманыма осылай жақындадым, дейді, Б. Нұршекер.
Қазір,жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру биылғы жылы тоқтатылды. 29 жасқа дейінгі жастар санатындағыларға қосымша қаражат бөлінуіне байланысты жалғасуда.
Толық ақпарат алу үшін «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ хабарласыңыз. Байланыс тел.: 95-44-16, 95-44-24, +7 775 753 43 91.Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО.