Грант алушының Мәкібаева Жадыра Аюпқызы үстіміздегі жылы “Бастау Бизнес 2021” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті. 2021 жылғы 8 маусым күні “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Қоғамдық тамақтандыру асханасы”бизнес-жобасын іске асыру үшін 583 400 теңге грант алды.
Қызмет түрі: қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсету. Жоба Алаш тас жолы 22/1 мекенжайында іске асырады.
Байланыс телефоны: 8 771 999 49 90
«Қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істеу шеберлікпен қатар, жауапкершілік, мұқияттылық, тілектестік, талғамдық сияқты қасиеттерді де талап етеді. Біздің заманымыз – бәсекелестік заманы, алайда мемлекет тарапынан бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалған.
Халықты жұмыспен қамту орталығына қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін”, – дейді Жадыра Аюпқызы. Мемлекеттік грант алуға үміткерлер жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші, “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуын аяқтаған адамдар болып табылады.