Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ хабарлайды.
“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында 25 мемлекеттік грант беру үшін қосымша қаражат бөлінуіне байланысты 15-16 қыркүйек күндері (2 күн) Халықты жұмыспен қамту орталығында құжаттарды қабылдайды. Құжаттарды дұрыс нұсқада тапсыру үшін 13-14 қыркүйек күндері жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарға кеңес береді.
Сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі жастар санаты үшін 50-ден астам мемлекеттік грант бөлінеді деп күтіледі.
Бұл санатқа құжаттарды қабылдау 21 қыркүйекте 8(7172) 95-44-18 телефон номерлері бойынша алдын ала жазылу арқылы басталады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік грант алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал қандастар үшін – қандастар куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);
3) бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар; 5) бизнес-жоспардағы қаржыландыру құрылымына сәйкес коммерциялық ұсыныс;
6) жалға алу ниеті туралы шарт (жалға алу кезінде).
Маңызды! Үміткерлер міндетті түрде жұмыссыз тұлға ретінде Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында немесе электронды портал egov.kz; enbek.kz арқылы тіркелуі қажет.
Жеке негізде жұмыспен қамтылған (ЖК) және өзін-өзі жұмыспен қамтыған (БЖТ төлеушілер) ретінде тіркеу халықты жұмыспен қамту орталығында ғана жүргізіледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеу болмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды.
Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 08.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттар тек жұмыс уақытында қабылданады.