Мамандығыңызды өзгерткіңіз келе ме?

Жарияланған күні:
2023-4-09 сағат 21:05

Онда бұл ақпарат сізге арналған
Астана қаласының Мансап орталығы жұмыс берушілердің өтініші бойынша, келесі кәсіптік оқыту курстарына: «Тігінші», «Әмбебап шаштараз», «Маникюр шебері», «Аспазшы», «Наубайшы», «Кондитер» және «Эстетикалық косметолог жұмысқа қабылдауды жүргізеді.
Қабылдау:
Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығында, Бейбітшілік көш. 9 мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 8.30 – 17.00 дейін (түскі үзіліс сағ. 13.00-14.30 дейін).
Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар қоса беріледі. Болмаған жағдайда, соңғы 2 жылдағы зейнетақы қорынан үзінді көшірме ұсынылады (egov.kz арқылы алуға болады);
3) білімі туралы құжаттар (аттестат, куәлік, диплом), бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат);
4) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нысанға сәйкес Денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі;
5) Екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттың нөмірі.
Білім беру мекемесіне қабылданғаннан кейін денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі және ағымдағы (карточкалық) шоттың нөмірі ұсынылады.
Оқуға жұмыс берушінің іріктеуінен өткен жұмыссыз азаматтар жіберіледі.
Жұмыссыздармен 4 жақты Әлеуметтік келісімшарт жасалады, оның негізінде жұмыс беруші жұмыссызды мәлімделген жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

Жарияланған күні: 2023-4-09 сағат 21:05
Сілтеме https://czn.kz/mamandy-y-yzdy-zgertki-iz-kele-me/