Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы барлық санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Наурызбаев Әбілғазы Касенханұлы ІІ топтағы мүгедек жан. Өмірге деген құлшынысы жоғары азамат еңбек етуге қашан да ынталы. Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келген Әбілғазы өзіне қолайлысын тез ақ тапты. Сәуір айында “Алтай Б.К” ЖШС күзетші болып орналасты.
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру – оңалтудың ең жақсы тәсілі. Ол материалдық тәуелсіздікті, және ең маңыздысы – қоғамға бірігуді көздейді. Соңғы уақытта әртүрлі қызмет салаларын автоматтандыруға байланысты мүгедектерге арналған жұмыс түрлерінің тізімі кеңейді. Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен мамандықтардың атласы» әзірленді. Онда 16 мыңнан астам жұмыс бар. Сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Қоғамдық жұмыстар», «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жұмысқа жіберілді.
Әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша ақпаратты байланыс тел.-75-93-41, 95-44-23; ұялы тел.:+7 775 902 73 53; +7 705 318 9792 номерлері бойынша білуге болады. Мекен-жайы: «Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Бейбітшілік көшесі-25, «Өркен» Бизнес орталығы