Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырған «Мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас негіздері және ережелері» тақырыбында тренинг өтті.
Тренингтің спикері мүгедектігі бар адамдармен байланыс жөніндегі сарапшы Гүлнар Ахмолдина болды.