Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері марапатталды

Жарияланған күні:
2021-26-10 сағат 21:02

 

Нұр – Сұлтан қаласының әкімі А. Күлгінов Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А .Байтасовты және өзге де әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтап, Құрмет грамотасын табыстады.

Арнайы құттықтау рәсімінде елордада жұмыспен қамту аясын жақсарту жолында еңбек етіп жүрген Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары А.Нұрмағамбетова және Орталықтың Есіл ауданы бойынша Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бөлім басшысы Г. Дарибаева марапатталды.

Алтай Сейдірұлы әлеуметтік саланың үздіктеріне әлеуметтің әлеуетін жақсарту жолында атқарып жүрген еңбектеріне алғыс айтты. “Қоғамға абыроймен қызмет етіп, рухани күшін мұқтаж жандарға арнайтын әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі зор құрметке лайық, Кәсіби күндер күнтібесінде ҚР Президентінің Жарлығы бойынша қазанның соңғы жексенбісі Әлеуметтік сала қызметкерлері күні болып бекітілуі адал еңбегі мен қажымас қамқорлығы арқылы қызмет ететіндерге деген шынайы құрметтің белгісі”, – деді қала әкімі.

Жарияланған күні: 2021-26-10 сағат 21:02
Сілтеме https://czn.kz/leumettik-or-au-zh-jesi-yzmetkerleri-marapattaldy/