Маңызды мәселе

Жарияланған күні:
2018-22-12 сағат 0:49

2018 жылдың 21 желтоқсан күні Халықты жұмыспен қамту орталығында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген азаматтарды жұмысқа орналастыру» туралы шара өтті. 
Кеңеске Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының және Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары аталмыш санаттағы кісілерге жұмысқа орналасу және өзгеде ақпараттар берді.
«Бүгін маңызды шара болып отыр. Пробация қызметінде тіркелген азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша азаматтармен кездесіп отырмыз. Бүгін біз осы санаттың жоғары білімділерін шақырдық. Ал келесі аптаға орта білімді немесе кәсіптік-техникалық білімдері бар азаматтарды жинаймыз»,- деді Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Пробация басқару бөлімінің басшысы, Әділет майоры Ұзақбаев Ерлан Темірғалиұлы.

 

Баспасөз қызметі

Жарияланған күні: 2018-22-12 сағат 0:49
Сілтеме https://czn.kz/kz-ma-yzdy-m-sele-2/