Ағымдағы жылғы 23 қарашада Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы және «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты жанындағы учаскелік комиссиясымен бірлесіп комиссиялық отырыс өткізілді.
Комиссия отырысына Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 аз қамтылған отбасы шақырылды. Комиссия отырысының өту барысында отбасының әр мүшесімен сұхбат жүргізілді және «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты жанындағы учаскелік комиссиямен әңгімелесу барысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қолдануда жәрдем көрсетілді.