Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

Жарияланған күні:
2019-5-10 сағат 0:12

 

“Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі-Бағдарлама) іске асыру аясында халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.

2019 жыл бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытудың жоспарлы көрсеткіші 913 адамды құрайды. Бүгінгі күні қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 18  мамандық бойынша 11 оқу  орнына 711 бағдарлама қатысушы  жіберілді, олардың 247 оқуды  аяқтады, 109  жұмысқа орналастырылды және комиссия  жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 289 грантты мақұлдады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспарлы түзетулеріне сәйкес қысқа мерзімді кәсіби оқытудың қосымша жаңа 450 адамға  жоспарлы көрсеткіші белгіленді. Қазіргі уақытта топ ұйымдастыру үшін алдын ала жазылу жүргізілуде.

Есепші

Слесарь-сантехник

Аспазшы

Наубайшы

Кондитер

Web-дизайн

Әкімші

Тігінші (қол шебері)

Тігінші

Мектепке дейінгі  ұйым  тәрбиешісі

Массаж жасаушы

Шаштараз

Киберқауіпсіздік саласындағы маман

Анимация және видеографика

Электр дәнекерлеуші

Қосымша білім беру педагогы

Көлікэлектригі

Көлік  жөндеу  слесары

Жылжымайтын  мүлік және басқа жеке меншікпен  жасалатын операциялар  жөніндегі  агент (риелтор)

Дезинфектор

Мемлекеттік  сатып алулар  жөніндегі маман

Сату менеджері

Видеоинженер оператор

Музыкатерапевт

Иглотерапевт

Сарапшы-бағалаушы

Сурдоаудармашы (ымдау тілі)

Визажист

 

Халықты жұмыспен қамту орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласыңыздар: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к-сі 25

Тел: +7 7172 57 89 78, 95 44 16

 

Жарияланған күні: 2019-5-10 сағат 0:12
Сілтеме https://czn.kz/kratkosrochnoe-professionalnoe-obuchenie/