«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2018 жылдың 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасын (әрі қарай-Бағдарлама) іске асыру шеңберінде «әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыру бойынша елорда жұмыс берушілерінен қосымша өтінімдерді қабылдайтынын хабарлайды.
Қосымша өтінімдердің қабылдануы ағымдағы жылдың жоспардың ұлғаюына байланысты.
Өтінімдерді қабылдау: ағымдағы жылдың 6 мамырдан бастап 25 мамырға дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25 (Өркен ІҮ) 2 қабатта орналасқан кеңсеге өткізулері қажет, сонымен қатар ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап 6 мамырға дейін «әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыруға өткізген жұмыс берушілердің өтінімдері қаралатын болады.
Бағдарлама шарты бойынша – әлеуметтік жұмыс орындары – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны.
Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда, салықтар мен басқа да әлеуметтік аударымдарды уақытылы аударатын, еңбек жалақысы бойынша берешегі жоқ жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады.
Өтінімнің нұсқасы қажетті құжаттарды қоса өткізу керек.