Іс-шара мақсаты – «Астана қаласындағы жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2016 жылғы 16 қарашадағы елорда әкімдігінің қаулысын орындау және аталған санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру.
Жәрмеңкеге 10 жұмыс беруші қатысты, олар жұмыс іздеушілерге 20-дан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Негізінен бос жұмыс орындары келесі салалар бойынша ұсынылды, олар медицина, білім беру, қаржы, қызмет көрсету, мәдениет салалары.
Аталаған ұйымдардан мүгедектер қатарындағы 9 жұмыс іздеуші сұхбаттасуға шақырылды.