Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға қатысуға ниет білдіргендер үшін кадрға сұранысы бар жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды.
Кәсіптік оқыту бойынша бірлесіп жұмыс істеу мақсатында жұмыс берушіге кепілдік хат-Өтінім ресімдеу қажет (кадрларға сұранысын көрсету керек), содан кейін Сіздің ұйымыңыз белгілі бір мамандық бойынша оқығысы және жұмыс істегісі келетін жұмыссыз азаматтармен әңгімелесу үшін шағын жәрмеңкеге шақырылады.
Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды жұмыс берушілердің таңдауын ескере отырып, тегін оқуға жібереді.
Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін диплом алған маман сіздің ұйымыңызға тұрақты жұмысқа орналасуға келеді.
Сұрақтар бойынша 95-44-16 телефоны арқылы немесе Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен” БО мекенжайына хабарласуыңызға болады.