Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нен кәсіптік оқуға алған жолдамасы Гулюм Аманбаеваның тұрақты жұмысқа орналасып, қиын өмірлік жағдайдан шығуына көп септігін тигізді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында қиын өмірлік жағдайға түскен қолында екінші топтағы мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асырып отырған Гулюм Аманбаева Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-не мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен жүгінді.
Қазіргі таңда «Мадали» ЖК жанындағы оқу орталығы білім беру ұйымына кәсіптік оқуға жіберілген Гулюм Аманбаева «Шаштараз» біліктілігін алып, тұрақты жұмысқа орналасты.