Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ( МӘМС) жүйесіне тарту және ресімдеу бойынша жиналыс өтті. Жиналыс барысында проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.