Халықты жұмыспен қамту орталығы “Nur Otan” партия мүшелерімен кездесу өтті

Жарияланған күні:
2021-27-05 сағат 19:49


«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  жұмысымен танысу  мақсатында “Nur Otan” партиясы Нұр- Сұлтан қалалық  Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері келді.

Кездесу барысында 

 Жұмыспен қамту орталығының  директоры Байтасов Азамат Елемесұлы  жұмыссыз  азаматтарды  қабылдау, жұмыспен қамту шараларының  қалай жүзеге асырылу барысын, мемлекеттік бағдарламалар жайлы тарқатып айтты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы,  елордадағы жұмыссыздықпен күресу мәселесінде еңбек нарығын реттеуді жүзеге асыратын  жауапты мекеменің бірі. 

 Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға арналған “Еңбек”мемлекеттік бағдарламасы аясында 

— Жастар практикасы

— Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

— Еңбекке қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту

— Қоғамдық жұмыстар

— Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

— Мемлекеттік грант  алу тақырыбы кеңінен талқыланды.

Партия мүшелері  алдағы уақытта жастар жұмыссыздығымен  күресу шараларын  елордадағы ірі оқу орындарымен тығыз байланыс орнату, орталықтың жұмысы жайлы кеңінен насихаттау жайлы өз  ұсыныстарын алға тартты.

Жарияланған күні: 2021-27-05 сағат 19:49
Сілтеме https://czn.kz/haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-y-nur-otan-partija-m-shelerimen-kezdesu-tti/