Ағымдағы жылдың 21 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Сәбит Жаманбаев жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын түсіндіру мақсатында «Еуразиялық топ» ЖШС өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
Тараптар «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарын бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бөлігінде ынтымақтастық туралы ниет білдірді.