Бүгін «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысымен танысу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары келді. «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау Басқармасы» ММ директордың орынбасары Ғариффулин Бақтияр Салауатұлы мен Жұмыспен қамту орталығының директоры Байтасов Азамат Елемесұлы жұмыссыз азаматтарды қабылда, жұмыспен қамту шараларының жүзеге асырылу барысын тарқатып айтты.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, елордадағы жұмыссыздықпен күресу мәселесінде еңбек нарығын реттеуді жүзеге асыратын жауапты мекеменің бірі. Орталыққа қабылдауға келетін әртүрлі жастағы жұмыссыз азаматар, әлеуметтің осал топ мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға мүдделі.
Қазір орталық күн сайын 250-ге жуық адамды қабылдайды. Олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесіп, қоғамның осал топтарына жататын азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындайды. Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жіберіп, өз кәсібін ашамын дегендерге мемлекеттік грант тағайындайды. Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары -Жастар практикасы, Қоғамдық жұмыстар, Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады, деді Жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Елемесұлы.
Халық қалаулылары алдағы уақытта елордадағы ірі кәсіпорын мекемелерді жұмыссыздықпен күресу шараларына тарту керектігін айтты.