Грант алушы туралы оң нәтиже.
Дүйсекеева Марина Вячеславна
Дүйсекеева Марина – көп балалы ана. 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі-Бағдарлама) 1 – бағыты шеңберінде “Тігінші” мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті. 2020 жылы шілде айында бағдарлама шеңберінде “Ателье ашу” бизнес-жобасын іске асыруға грант алды.
Бөлінген қаражатқа үйден бір бөлмені ателье етіп жабдықтап, тігуге керек жарақ алды. Қазір тапсырыс бойынша төсек жабдықтарын тігеді және киімді қалпына келтіру бойынша қызметтер көрсетеді.
Бизнес жоба – Сүткент көшесі, 9 үй мекенжайында орналасқан.
Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер: жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші азаматтар , “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған адамдар болып табылады.
Биыл 400 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Жыл басынан бері комиссия 87 жобаны мақұлдады. 2021 жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).