Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек модильділігі орталығы» КММ Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары ЖРО» КММ- мен бірлесе отырып Esil University-де бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге құрылыс, білім беру, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б. сияқты қызмет түрлерінен 50-ден астам жұмыс беруші қатысты. Жұмыс берушілер тарапынан мемлекеттік және жеке кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 120-тен астам бос жұмыс орындары ұсынылды.