Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыспен танысу мақсатында Астана қаласының Қоғамдық Кеңесінің өкілдері келді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Джүсіпов пен Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов жұмыссыз азаматтарды қабылдау барысы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары туралы айтып берді.
Содан кейін директордың орынбасары Алма Нұрмағамбетова мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы егжей-тегжейлі айтып берді.