«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» ЮРИЙ ПЯ: “МЕДИЦИНА – МЕНІҢ ӨМІРІМ»

Жарияланған күні:
2021-11-06 сағат 16:21

Юрий Владимирович Пя – бүгінгі таңда Қазақстан ғана емес ТМД елдеріне танымал кардиохирург. Медицина ғылымдарының докторы,Еңбек Ері.
Юрий Пя – дәрігер болуды жастайынан мақсат етті. Н.И. Пирогов атындағы 2-ші Мәскеу мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі. Жас дәрігер еңбек жолын травматолог дәрігер ретінде бастады. Қырғызстанға шақырту алып рентген кабинетінде кардиохирург болып еңбек етті. 1991 жылы Кеңес Өкіметінің ыдырауы көп өзгерістер алып келді. Жұмыссыз қалған Пя екі қолға бір күрек ұстап, жұмыс таңдамай көлік жүргізуші, аудармашы, монтаждау цехында жұмысшы болып еңбек етті. Алайда, өз мамандығы бойынша еңбек етуді еш уақытта естен шығарған емес. Сол мақсатпен, ол әртүрлі елдердің клиникаларына сұраныстар жібереді. Көп ұзамай Түркиядан жауап келеді. Осы кезден бастап Юрий Пя үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Әлем елдерінде тәжірибе жинақтап, білімін жетілдірді.
2003 жылы Юрий Пя елге улкен тәжірибемен оралады. Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосты 2011 жылы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына төраға болып тағайындалды. Қазір республикамыздың бас кардиохирургы. Ол әлемдегі донорлық жүректі трансплантациялауды жүзеге асырған үшінші хирург.
Юрий Пяның практикадағы ең ұзақ операциясы – 26 сағат. Оның оталары сәтті аяқтауымен абыройлы. Ең жас пациенті бірнеше сағат бұрын өмірге келген нәресте болса, ең үлкені 103 жастағы қария.
Мұндай дәрежеге жету жолында ащы тер мен қиындықтар аз болған жоқ. Ерен еңбегі үшін Юрий Пя «Денсаулық саласының үздігі», «Парасат» «Алтын адам» ордендерімен марапатталды.

Юрий Пя еліміздің болашағы жастарға мамандық таңдауда мынадай кеңестер ұсынады: “Мамандық таңдау ішкі сезіммен, жүректен шығу керек. Таңдаған мамандықты жақсы көру керек.Ең бастысы – сен таңдаған кәсіп әлемді жақсы жаққа өзгертуге бағытталуға тиіс».

Жарияланған күні: 2021-11-06 сағат 16:21
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-zholy-jurij-pja-medicina-meni-mirim/