Рақымжан Үміт Асқарқызы – Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасқандардың бірі.
2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыс іздеуді сұрады. Орталық мамандарының жүйелі жұмыс жүргізуінің арқасында көп ұзамай өзіне ыңғайлы жұмыс тапты.
“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Тәуелсіз бағалау-заң орталығы” ЖШС-не бағалаушының көмекшісі болып тұрақты жұмыс орнына жіберілді. Сұқбаттасудан кейін жұмысқа орналасты. Бұл серіктестік жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бағалау, ЖКО кезіндегі залалды бағалау, бизнес пен кәсіпорындарды, материалдық емес активтерді, зияткерлік меншікті бағалау қызметтерін көрсетеді.
Сондай-ақ, жұмыс іздеушілер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет порталы www.enbek.kz, бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді өз бетінше қарай алады.
Қазіргі заман талабына сай өзіңізге жеке кабинет құрыңыз және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізіңіз.
Егер Сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, жұмыспен қамту Орталығына келіңіз!
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен” БО мекен-жайына хабарласуға болады.
Байланыс телефондары:
8(7172) 57 87 00
8(7172) 57 88 88