Сегізбаева Лейла Тұрсынбекқызы “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-не жұмыс іздеп келді.
“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде “Аutomart” ЖШС-не тұрақты жұмыс орнына жолдама беріліп, клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі менеджер ретінде жұмысқа орналастырылды.
Бүгінгі таңда ол клиенттермен келіссөздер жүргізу, сатып алушыларды өнімдермен, бағалармен, жеңілдіктермен таныстыру жұмыстарын атқарады, жалақысы 200 000 теңгені құрайды.
“Аutomart” ЖШС – бұл сервис және автокөліктерге қызмет көрсету саласында толық кешенді қызмет көрсететін автобөлшектер дүкендерінің дамып келе жатқан желісі.
Бүгінгі таңда қаланың жұмыс берушілері «Электрондық еңбек биржасы» (www.enbek.kz) интернет порталына әр түрлі қызмет салалары бойынша 6517 бос жұмыс орнын орналастырды.
Сонымен қатар, жұмыс іздеп жүрген тұлғалардың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz интернет порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді өз бетінше қарау, жеке кабинет құру және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізу мүмкіндігі бар.
Егер Сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, Халықты жұмыспен қамту орталығына келіңіз!
Мекен- жайы: Бейбітшілік көшесі, 25, “Өркен” БО
Байланыс телефондары:
8(7172) 57- 87-00
8(7172) 57-88-88
8(7172) 72-93-31.