НҰР-СҰЛТАНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Жарияланған күні:
2019-18-05 сағат 0:08

2019 жылдың 22 мамыр күні сағат 10:00-13:00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізетінін хабарлайды. Жәрмеңке Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан  “Жастар” сарайында өтеді. Іс-шара өз алаңында елорданың 80-нен астам жұмыc берушісін жинайды, олар мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады.

Аталған шараға барлық саладағы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді шақырамыз.  Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен тікелей байланысып, сұхбаттасып, түйіндемелерін құалдыруға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, шарада оқу орындарының түлектеріне «жастар тәжірибесі» бағдарламасы айтылып, азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары қысқа мерзімді кәсібі оқуға қызығушылық танытқан келушілерге де толық ақпарат береді.

Өткізілетін күні: 22 мамыр 2019 жыл

Уақыты: 10:00 ден 13:00 ге дейін

Өтетін орны: “Жастар” сарайы (Республика даңғылы, 34)

Кіру тегін. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Жарияланған күні: 2019-18-05 сағат 0:08
Сілтеме https://czn.kz/bolee-1000-rabochih-mest-predstavjat-na-ocherednoj-jarmarke-vakansij/