Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдерімен кездесу

Жарияланған күні:
2024-30-01 сағат 19:06

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында директор жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жүзеге асырылып жатқан шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ жастарға кредит беру бағдарламасы туралы айтып берді.
Бүгінгі таңда Астана қаласының Мансап орталығы халықты жұмысқа орналастыру шеңберінде 9 негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді, атап айтқанда: Алғашқы жұмыс орны; Жастар практикасы; Ұрпақтар келісімшарты; Қоғамдық жұмыстар; Әлеуметтік жұмыс орындары; Күміс жас; Кадрларды даярлау және жұмыссыздарды кәсіптік оқыту. Сондай-ақ, орталық халықтың әлеуметтік осал тобына жеке бизнес ашуға гранттар береді.
Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.
Несиелеу шарттары:
• Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін
• Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
• Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.
• Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Құжаттарды қабылдау: Астана қаласының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы, Тұран даңғылы, 19/1, «Эдем» БО мекенжайы бойынша.

Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген 8-701-006-16-38, 5353 нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.

Жарияланған күні: 2024-30-01 сағат 19:06
Сілтеме https://czn.kz/aza-stan-hal-y-assamblejasyny-o-amdy-rylymdaryny-kilderimen-kezdesu/