АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК- МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Жарияланған күні:
2021-8-06 сағат 16:46

Жұмағалиева Гулшат Абсалыққызы Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданының тұрғыны. Он бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана. 2018 жылдан бері аз қамтылған отбасына берілетін атаулы әлеуметтік көмек алып келеді. Сондай-ақ, отбасына кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалған.

Гулшат Абсалыққызы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Мемлекеттік грант алып, шағын тігін цехын ашты. Жеке кәсіпкер көрпе -жастық, перде тігеді. Өз өнімдерін әлеуметтік желілер арқылы жүргізіп отыр.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай қолдау- әлеуметтің әлеуетін жақсартуға зор көмек.

АӘК – отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша толық ақпарат алу үшін
8(7172) 27-86-49 номеріне хабарласуға болады. Жұмыспен қамту орталығының мекен жайы: Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» Бизнес Орталығы.

Жарияланған күні: 2021-8-06 сағат 16:46
Сілтеме https://czn.kz/atauly-leumettik-k-mek-memlekettik-oldau-2/