Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарынан құралған топ Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға медициналық қобдишалар таратты.
Мамандар қаланың “Сарырқа”,”Есіл”,”Алматы”,”Байқоңыр” аудандарының аумағын қамтыды.
COVID-19 ауруының алдын алу мақсатында медициналық көмек жиынтықтары АӘК алушыларға бір рет тегін таратылады.
Жинақтардың құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі анықтады.
Жиынтық құрамы: термометр, маскалар, дезинфекциялаушы заттар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттарымен қамтылған.
Бұл шара қиын қаржылық жағдайға тап болған отбасыларға экономикалық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.