Astana Hub алаңында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жарияланған күні:
2022-18-07 сағат 14:58

Astana Hub алаңында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, онда елорданың 15 жұмыс берушісі бос жұмыс орындарын ұсынды, 100 жас қатысты.
Бос орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Шара барысында Жастарды жұмыспен қамту бөлімінің маманы тұрақты жұмысқа орналасуға көмектесу, сондай-ақ «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімі» жобаларына қатысу туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

Айта кету керек, қазіргі уақытта жоғарыда аталған жобалардың барлығы жастарға табысты жұмысқа орналасуға, мемлекет есебінен бастапқы тәжірибе мен жұмыс тәжірибесіне ие болуға тамаша мүмкіндік беретін нақты мүмкіндік болып табылады.

Қосымша ақпаратты 27-96-32, 24-96-20, 24-96-39, 24-83-10, +7 700 956 98 35 телефондары арқылы жастарды жұмыспен қамту болады.

Жарияланған күні: 2022-18-07 сағат 14:58
Сілтеме https://czn.kz/astana-hub-ala-ynda-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesi-tti/