2021 жылғы 7 қазан күні жұмысқа орналасудан бас тартатын алимент төлемейтін борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау туралы ZOOM режиминде кеңес өтті.
Күн тәртібінде “Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау: ата –ананың алименттік міндеттемелері” тақырыбы қаралды. Онлайн жиынға Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Халықты жұмыспен қамту орталығы, “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы, Нур-Сұлтан қаласының Соты, Полиция департаменті, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, сондай-ақ, “Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Әйелдер күші Альянсы”, “Әділет лигасы”, “Право” қоғамдық қорының өкілдерді қатысты.
Жиын барысында алимент өндіруде кездесетін қиындықтар, борышкерлердің күн көріс деңгейін жасырын түрде көрсетпеуі, ұсынылған жұмысқа орналастыруда кездесетін қиындықтар туралы айтылды.
Алдағы уақытта жұмыс істеуден бас тартқан алимент борышкерлеріне арнайы шара қолдану тетіктері сөз болды.