Өтеусіз гранттар алуға өтінімдерді қабылдау лимиті алынды

Жарияланған күні:
2022-28-09 сағат 17:27

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шешіміне сәйкес, 19.09.2022-30.09.2022 ж.ж. ағымдағы жаңа бизнес–идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар алуға өтінімдер қабылдау лимиті жойылды.
Өтінімдерді қабылдау порталда жүзеге асырылады «Business.enbek.kz» онлайн режимінде.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыз тұлғалар қатарынан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен, өтініш берген сәтте мәртебесін ресімдеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер грант алуға үміткерлер болып табылады.

Осы ретте үміткер санатқа жатуға тиіс:
– 29 жасқа дейінгі жастар,
– атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)алушылар,
– көп балалы отбасы мүшелері-көп балалы жәрдемақы алушылар және (немесе)оның жұбайы (зайыбы);
– асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
– қандастар, қоныс аударушылар,
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедек адамдар;
– асыраушысынан айрылған адамдар-асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушы,
– мүгедек баланы (мүгедек балаларды) және (немесе) оның жұбайын (зайыбын) тәрбиелеп отырған адамдар жатады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады:
Бейбітшілік көшесі 9. Тел.: 24-94-72,
8-700-956-98-10.

Жарияланған күні: 2022-28-09 сағат 17:27
Сілтеме https://czn.kz/6317-2/