Мемлекеттік грант жаңа идеяға жаңа жол

Жарияланған күні:
2021-7-02 сағат 19:22

Мемлекеттік грант алушылар жайлы айтайық.

2021 жылы Бастау бизнес бағдарламасы бойынша кәсіп етудің қыр-сырын оқыған Қошқарбаева Назгүл Қайратқызы өз бизнесін бастады. Оның бизнес жобасы тамыз айыда мақұлданып, “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “төсек-орын тыстарын тігу”бизнес-жобасы үшін 583 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік грант алды. Қазір өзінің жеке «Тігін өндірісі» жобасын іске қосты.
Назгүл Қайратқызы өз үйінде кәсібін дөңгелетіп отыр. «Тігін өндірісі қазір жылдам даму үстінде. Өнім сапалы әрі сұранысқа сай болу үшін соңғы сән үлгісін негізге алып отыру керек», дейді. Алдағы уақытта балаларға арналған комбинизондар тігуді қолға алмақ. Сондай-ақ, тапсырыстың көбеюіне байланысты көмекші тігінші алуды жоспарлап отыр.
Жоба Қайнар көшесі, 22/1 мекенжайында жүзеге асырады.
Байланыс телефоны: 87011316820.
https://instagram.com/nn_embroidery_studio?utm_medium=copy_link

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ!
“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 35 мемлекеттік грант беру үшін қосымша қаражат бөлінуіне байланысты құжаттарды қабылдайтынын хабарлайды. Құжаттарды қабылдау Халықты жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі.
Маңызды! Үміткерлер міндетті түрде жұмыссыз тұлға ретінде электронды портал арқылы тіркелуі қажет. Ол үшін egov.kz немесе enbek.kz немесе Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеледі.

Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе қысқамерзімді кәсіптік оқу курсын аяқтаған азаматтар болып табылады.

Жарияланған күні: 2021-7-02 сағат 19:22
Сілтеме https://czn.kz/4895-2/