🌟 **Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жұмыс орындарын құру бойынша 2025 жылға өтінімдер қабылдайды!
📌 Жұмыс берушілерге маңызды ақпарат: Арнайы жұмыс орындарын құрған кезде, жабдықтарды сатып алу, орнату және монтаждауға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мемлекеттік бюджеттен субсидиялар беріледі!
💼 Жалақы бойынша субсидия мөлшері: 1️⃣ Алғашқы 12 ай: 70% жалақыдан; 2️⃣ 13-тен 24 айға дейін: 65%; 3️⃣ 25-тен 36 айға дейін: 60%.
📅 Өтінімдер қабылдау 2024 жылдың 1 қарашасына дейін Электронды еңбек биржасы арқылы немесе 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
🔗 Өтінімге қосу қажет құжаттар:
- Арнайы жұмыс орындарына арналған жабдықтардың сметасы;
- Банкте шот бар екендігі туралы анықтама.
📍 Біздің мекенжайымыз: Бейбітшілік көшесі 9
📞 Байланыс нөмірлеріміз: +7 (7172) 24-94-84, 24-95-86, 8 700 956 98 34.
Жұмыс орындарын құрып, қолдау алыңыздар! 💼✨