20,21 ақпан күні сағат 10.00-ден 18.00 – ге дейін «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығында азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңексі өтеді.
Жәрмеңке мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің еңбек тапшы аймақтарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облысының өкілдері қатысады.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1659 адам жүгінді. Барлығы 1266 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 373 жұмыссыз орналастырылды, белсенді қолдау шараларымен 893 адам қамтылды.