Ағымдағы жылдың 15 наурызында сағат 17:00-де Астана қаласы әкімдігі ғимаратының 221 кабинетінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде, 2019 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін, білім беру ұйымдары бойынша орындарды бөлуді, оқыту құнын және білім беру ұйымдарын бекіту жөнінде Астана қаласы әкімдігінің жанындағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді.
Ведомствоаралық комиссия құрамында жергілікті атқарушы органдары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері және қалалық мәслихаттың депутаттарынан болады.