ТЕГІН ОҚЫТЫЛАТЫН КУРСҚА ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР ЕНДІ

Жарияланған күні:
2019-3-05 сағат 22:56

Нұр-Султан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтар қысқа мерзімді курстардан өтіп, біліктілігін жетілдіруе мүмкіндігі бар. Аталған оқыту бағдарламасына биыл жаңа мамандықтар түрі енді. Бұл 30 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомствоаралық комиссия мүшелерінің халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша бас қосқан кезекті отырысында белгілі болды.

«Оқыту бағдарламамызға жаңа мамандықтар түрін қосылды. Олар шаштаразшы, маникюр маманы және тәрбиеші. Бұл азаматтардың қызығушылықтарын ескеріп, сұраныстағы мамандықтарға оқыту қажеттілігінен туындаған бастама» – деді Кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Азамат Байтасов.

Сондай-ақ, отырыс нәтижесі бойынша, қысқа мерзімді оқу курстарына қатысатын қосымша 7 білім беру орталықтарының тізімі таныстырылды.

Онда кәсіптік білім беру үшін 225 орын бөлінген.

Айта кетейік, кәсіптік білім аламын дейтін кез-келген азамат жұмыссыз ретінде тіркеуде болуы қажет. Оған жеке куәлік, еңбек кітапшасы және де білімін растайтын құжаттар қажет. Құжаттар Нұр-Султан қаласы, Бейбітшілік, 25 мекен-жайы бойынша қабылданады. Байланыс нөмірі: 87172 95 44 16, 578978.

Жарияланған күні: 2019-3-05 сағат 22:56
Сілтеме https://czn.kz/kz-tegin-o-ytylatyn-kurs-a-zha-a-mamandy-tar-endi/