Маңызды мәселе

Жарияланған күні:
2018-6-12 сағат 22:25

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және Қалалық орта сапасы және бақылау басқармаларының ұйымдастыруымен Астана қаласы бойынша білім беру мекемелері, оның ішінде мектеп және балабақша басшыларымен кездесу өтті.

Аталған шараға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры и Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында жұмыс берушілермен халықты жұмыспен қамту, жұмыс орындары квотасын орындау, еңбек нормаларын сақтау, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында (www.enbek.kz) тіркелу, электронды еңбек шартын тіркеу, бірыңғай жинақталған төлем, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері және жұмыс берушілердің арасындағы кездесулер апта сайын ұйымдастырылуда.

Астана қаласы

Халықты жұмыспен қамту

Орталығының Баспасөз қызметі

Жарияланған күні: 2018-6-12 сағат 22:25
Сілтеме https://czn.kz/kz-ma-yzdy-m-sele/