Әкім шыршасы шаттыққа бөледі

Жарияланған күні:
2018-25-12 сағат 22:58

Жаңа жыл қашанда сәбилердің жыл бойы асыға күтетін мерекесі. Бүлдіршіндер ертегілер әлеміне енетін ұлы күн. Аяз ата мен Ақша қарды қуана қарсы алатыны тағы бар.

Мерекені періштелер үшін Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Каналимов Ерлан Ермекұлы бастаған ұжым ұйымдастырған еді. Шырша 2018 жылдың желтоқсанның 24 күні «Жастар сарайы» ғимаратында тойланды. Барлығы 500 жуық бүлдіршіндер шақырылды. Оның 355-і Астана қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының «Атаулы әлеуметтік көмек» алушылары. Негізі балалардың дені жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шықандар. Аудан әкімі балапандарға сыйлықтар таратып, ертегі кейпкерлерін бейнелеуге аниматорлар шақырып, түрлі ойындар мен ертегі көріністерін қоюға жағдай жасапты.

Сондай-ақ шараға «Наследие» қоғамдық қоры, «Балам-ай» қоғамдық қоры, Мүгедек балалар қоғамдық қоры, Астана қаласының «Орда» аутизмі бар балалардың ата-аналарының бірлестігі, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Баспасөз бөлімі

Жарияланған күні: 2018-25-12 сағат 22:58
Сілтеме https://czn.kz/kz-kim-shyrshasy-shatty-a-b-ledi/