Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері Халықты жұмыспен қамту орталығының көмегімен 154 адам жұмысқа орналасқан. Алдағы уақытта елордалықтар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қызметпен қамтылады. Айта кетейік, сәуірдің басында Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін бюджеттен 1 триллион теңге бөлінгенін және 242 мың жұмыс орны құрылатынын хабарлаған еді.
Жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында жариялайды. Азаматтар осы портал арқылы түйіндеме толтырып, жұмысқа тұруға өтініш жібере алады. Ал толық ақпарат орталықтың ресми сайтында көрсетілген. Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласында 7500-ден астам адам еңбекпен қамтылады.
Источник: https://qazaqstan.tv/news/126271/