2016 жылдың 13 желтоқсанында Президент Н.Назарбаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған еді. Бір сөзінде Елбасы “Рақымшылық 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңындағы маңызды адамгершілік акциясы”, – деген болатын.
Енді осыған орай, ағымдағы жылдың 20 қараша күні Астана қаласы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесе отыра Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ғимаратында маңызды шара болып өтті. Шараның негізгі мақсаты, пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету болып табылады.
«Біз бүгін Астана қаласа бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы, өз қызметін ұсынатындығын айтамыз. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу және кәсіптік-техникалық білім алу. Егер араларыңызда 10-11 сыныптарын аяқтамғана азаматтар болса онда кәсіптік-техникалық мамандықтары бойынша білім алып, жұмыс жасауға құқыларыңыз бар. Сондай-ақ біздің тарапымыздан уақытша жұмысқа орналасу, жастар тәжірибесі бойынша да хабарласуға да болады. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 6 айға созылады. Сонымен қатар бізде қысқа мерзімді курстар бойынша аспазшы, тігінші, шаштараз, дәнекерлеуші және өзге де мамандықтарды игеріп, жұмысқа орналасқандар бар»- деді Астана қаласа бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұрпейсов Данияр Нұрмағамбетұлы.
«Ия, мақсатымыз сіздерді еліміздің азаматтары мен азаматшалары ретінде біраз ақпаратпен бөлісу. Халықты жұмыспен қамту орталығының міндеті «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша ақпаратпен таныстыру. Жоғарыда сіздер жұмысқа орналасу және білім алу туралы ақпартпен таныссаңыздар, менің тарапымнан қаржылай атаулы әлеуметтік көмек алуға болатынын айтқым келеді. Бүгінде сіздермен кездесе отыра, осы жерде 2 отбасы әлеуметтік көмек алуға құжаттарын дайындап, кеңес алды. Біз сол құжаттарды инспекторлармен бірлесе отыра қарап, оларға жұмысқа орналасу және әлеуметтік көмек жағын қарастырамыз. Негізі бұл шараны біз қыркүйек айынан бастадық. Астана қаласы бойынша әр ауданда тіркелген азаматтармен жүргізіліп жатқан жұмыс. Сондықтан бізге деген қандай да сұрақтарыңыз болса, Бейбітшілік көшесі 25 үйдегі «Өркен» іскерлік орталығына келіп ақпарат алуларыңызға болады. Одан ұялатын, қорқатын ешнарсе жоқ. Сіздерге қызмет ету біздің жұмысымыз» – деді Орталықтың Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Жамбауова Нұргүл Шманқызы.
«Бізде тіркеуде тұрған кіслердің өмірдегі жағдайлары әртүрлі. Инспекторларымыз әр аудан, әр тізімдегі кісі бойынша бақылайтын мамандар. Осы кісілер айтқан бүгінгі ақпараттарды сіздермен тығыз жұмыс жасайтын инспекторлардан білулеріңізге болады. Сіздер үшін мемлекеттен қаржы бөлініп, жағдай жасалынып отыр. Сіздер дұрыс түсініңіздер, бұл «келді, кетті» деген жұмыс емес. Инспекторларымыз берген жолдамамен осы Орталыққа келіп жұмыс тауып, халыққа қызмет етеді деген ойдамын»- деді Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Пробация басқару бөлімінің басшысы, Әділет майоры Ұзақбаев Ерлан Темірғалиұлы.
«Негізі жаман адам болмайды. Адамның өмірін ешкім болжай алмайды. Қай сағат, қай минутта не боларымызды білмейміз. Бүгінгі менің жағдайым да сондай болып тұр. Адам бірнәрсеге ұрынбай немесе басына тимей көп нәрсеге мән бермейді. Бүгін екініші рет келіп отырмын. Сіздерден біраз пайдалы ақпарат естіп, қазір инспекторыма барамын. Мамандығым эксковатор-механизаторы, маған жұмыс керек. Сондай-ақ сіздер арқылы жұмыс табамын деген ойдамын»,- деді тіркеуде тұрған азамат Тәжиев Самат Алтынбекұлы.
«Мен бұл жерде бас бостандығынан айрылған және мерзімді бостадығы шектелгендермен жұмыс жасаймын. Ол кісілерге жұмыс табуға көмектесемін және сол кісілерге көмектескеніме қуаныштымын. Алдыма келетіндердің көбісі жастар. Бір айта кетерлігі, арасында дарынды кісілерде бар. Жазушы, магистратура бітіргендер яғни, ғылыми атақтары барлар. Олар 20 мен 65 жас аралығы. Міне, жастар Орталықта ашылған курстарға жазылып, жұмыс жасауға ниеттеніп жатыр. Бұл қуанарлық жай!»,- деді Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ғимаратында отырған Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Омарова Айдана Ерғалиқызы.
«Мен жастықпен қателік жасадым. Мойындаймын. Бірақ өткендегі қателігімді мойындай келе, айына 2 рет осы жерге тіркеуден өтемін. Қазір ел қатарлы Астана қаласындағы заводқа жұмысқа тұрдым. Негізі қылмыстық іс немесе сотталған десе көп жұмыс беруші мекемелер, біз сияқты кісілерден бас тартады. Ал мен істеп жатқан жерім мені жұмысқа қабылдағанына өте қуаныштымын. Демек өмірдегі қиыншылықтарға тап болған кісілердің арасында да жақсы, дарынды, өз ісінің шеберлері бар екенін көруге болады емес пе?! »,- деді тіркеудегі азамат Сүргенов Қанат Темірханұлы.
Анықтама.
Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі. Оның мақсаты: күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу; сотталған адамды әлеуметке қосу; қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
Ағымдағы жылдың басынан бері 73 адам жұмыс іздеп, оның ішінде: 40 адам түрмеден босатылды және 33 тіркелген стажерлар. Жалпы алғанда, 7 адам жұмысқа тұрудан бас тартқандар. 32 адам қамау орнынан босатылды және 34 адам стационарлық қызметте тіркелді. Олардың ішінде 39 адам жұмысқа орналасты, 14 адам ақылы қоғамдық жұмысқа қатысса, 3 адам әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді, 1 адам жастар практикасында жұмыс істесе, 9 адам қысқа мерзімді курстарда кәсіби дайындықтан өтеді.
Астана қаласы бойынша
Халықты жұмыспен қамту орталығының
Баспасөз қызметі, Сәния СҮЛЕЙМЕН