Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

Жарияланған күні:
2020-13-01 сағат 17:47

Құрметті елорда жұмыс берушілері

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерге өзара ынтымақтастық  ұсынады. Егер сізде кадрлар қажеттілігі болса, біз «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз азаматтарды тегін оқыта аламыз. Ол үшін сізге кепілдік хат-өтінімді ресімдеу қажет (кадрларға қажеттілікті көрсету). Содан кейін, Сіздің ұйымыңыз жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесіне шақырылады. Жұмыс берушілердің таңдауын ескере отырып, жұмыспен қамту Орталығы жұмыссыз азаматтарды  тегін оқуға жібереді.

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін, маман сіздің ұйымыңызға тұрақты жұмысқа орналасуға барады.

Назар аударыңыз: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУ оқытылған тұлғаларды жұмысқа орналасуға кепілдік беретін  жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылатын болады.

 

Сұрақтарыңыз болса келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 7172 95 44 18, 95 44 16

Мекен-жайы: «Өркен» ІО, Бейбітшілік көшесі 25

Жарияланған күні: 2020-13-01 сағат 17:47
Сілтеме https://czn.kz/kratkosrochnoe-professionalnoe-obuchenie-po-zajavkam-rabotodatelej/