Елордалық Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген жас мамандарды «Еңбек» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша жұмысқа орналасуға шақырады.
Бұл соңғы үш жылда оқу бітірген түлектерге арналған жұмыссыз жастар үшін арналған бағдарлама. Жұмысқа тұрушының жасы жиырма тоғыздан аспауы қажет.
Жастар практикасына қатысқандарға жұмыспен қамту орталығы ай сайын – 89 540 теңге еңбекақы төлейді, әлеуметтік аударымдарды ескерсек – 76 801 теңгені құрайды.
Жастар практикасы уақытша жұмыс. Ұзақтығы алты айдан аспайды. Егер маман өзін дәлелдесе, онда тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарына құжат тапсырады: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
Жастар практикасынан өту мерзімі еңбек кітапшасына жазылады. Мерзімі аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға оның өтініші бойынша ұсыныс хат береді.
Ұсынылған бос жұмыс орындары мен ұйымдардың тізімін орталықтың сайтында сілтемесі бойынша алуға болады. Жастар практикасына қатысу үшін +7 775 654 0790, +7 705 329 7719, + 717 257 89 12, +717 257 89 34 нөміріне хабарласуға немесе proftest.cz@mail.ru электронды поштасына хат жолдауға болады.