Жұмыс берушілердің назарына!

Жарияланған күні:
2022-18-02 сағат 15:32

2022 жылғы 26 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 158-137 «Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылға арналған Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы күшіне енді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылға арналған қаулысының тізіміне енген кәсіпорындар саны:

– мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы – 915 мекеме;

– пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы – 100 мекеме;

– бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы – 100 мекеме;

– ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы – 30 мекеме.

Жұмыс беруші тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-шы күніне дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген квоталардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуы керек.

Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/documents/details/268554

Толық ақпаратты келесі байланыс телефондары бойынша алуға болады:     57-86-88; 57-88-95; 72-93-63; 95-44-17; 57-89-39, 8-777-707-01-66, l.zidlyaeva@czn.kz

Жарияланған күні: 2022-18-02 сағат 15:32
Сілтеме https://czn.kz/k-svedeniju-rabotodatelej-220218/