Кәсіпкерлік-ең тиімді мамандық

Жарияланған күні:
2021-2-11 сағат 13:01

Әлемде мамандықтар түрі көп, алайда ең тиімдісі – бұл кәсіпкерлік.
Бүгін осы мамандық өкілдерінің бірі Сағымбаева Назерке Серғалиқызының оң үлгісін ұсынамыз.
Назерке Сағымбаева “Бастау Бизнес 2021” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткеннен кейін 2021 жылғы 21 мамырда “Еңбек” Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ” BALQAIMAQ сүт өнімдерін қайта өңдеу” бизнес-жобасын іске асыруға 583 400 теңге грант алды.
Қызмет түрі: Тамақ өнеркәсібі.
Жобаны жалға алынған үй-жайда жүзеге асырады, мекен-жайы: Ш. Құдайбердіұлы, 33 үй (жертөле үй-жайы). Байланыс телефоны: 87759660034.
Назерке Серғалиқызы: “Кәсіпкер белсенді, бастамашыл және сөзсіз жан-жақты білімді адам болуы керек, өйткені бұл сала жоғары бәсекеге қабілеттілік пен стресске төзімділікті талап етеді. Адам баласы кәсіпкер болып туылмайды, кәсіпкерлікке үлкен талпыныспен және еңбекпен жетеді. Маған кәсіпкер болуға Халықты жұмыспен қамту орталығы көмектесті. Мен осы мекемеге жылы қабақпен қабылдағаны үшін, әрбір адамға жеке-жеке білікті қызмет көрсете алғаны үшін, қолдау көрсете алғаны үшін шын жүректен ризамын”.
Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуын аяқтаған адамдар.
Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).

Жарияланған күні: 2021-2-11 сағат 13:01
Сілтеме https://czn.kz/k-sipkerlik-e-tiimdi-mamandy/